Хабарландыру! Бағдарламаға қатысу шарттары

Хабарландыру! Бағдарламаға қатысу шарттары
Жарияланған күні: 03.02.2021 07:57:00 Көргендер саны: 1129

Бағдаламаға қатысу шарттары:

- Қазақстан Республикасының азаматы;

- Ипотекалық несиелерінің болмауы;

- Табыстың болуы;

- Баспананың болмауы.

Бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес, үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат.

2) өтініш берушінің жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

3) ипотекалық жылжымайтын мүлік үй қарыздарының жоқтығын дәлелдейтін кредиттік бюронің кредиттік есебі;

4) жұмыс орнынан соңғы 6 айлық көрсеткіш.

Әрбір азамат төлем қабілеттілігін растау кезеңінде банктің талабы бойынша қажетті құжаттарды ұсынады.

Егер өтініш беруші тиісті кірісті растамаса, онда келесі өтініш берушілердің алдын ала тізімдерінен іріктеу жүргізіледі.