Несиеге берілетін үйлер бойынша мәлімет беретін акпараттық орталық ашылады

Несиеге берілетін үйлер бойынша мәлімет беретін акпараттық орталық ашылады
Жарияланған күні: 18.01.2021 09:20:00 Көргендер саны: 1164

Рашид Абатұлы қаладағы екінші деңгейлі банк өкілдерімен жолығып, несиеге берілетін үйлер бойынша ақпарат карантин кезінде бір жерден және сайт арқылы іске асуы қажеттігін айтып, ыңғайлы жағдай жасауды тапсырды.

Атап айтсақ, Түркістан қаласы бойынша құрылысы аяқталып тұрған 1, 2 және 3 бөлмелі үйлер екінші деңгейлі банктер арқылы "7-20-25" бағдарламасы аясында және "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы кез келген пәтер алуға ниетті азаматтарға ұзақ мерзімге дейін несиеге беріледі.

Ол үшін Б.Саттарханов даңғылы бойындағы "Неке сарайында" 20 қаңтар күні ақпараттық орталық ашылады. Онда банк өкілдері 3 бөлмеге дейінгі үйлерді қалай, қанша теңгеге және қанша уақытта алатыны бойынша ақпарат береді. Сондай-ақ, пәтерге өтінім беруге арналған сайт ашу қажеттігін ескертіп, үй берілуі бойынша ақпарат сайт арқылы біліп, одан кейін ғана құжаттарды жинақтауға мүмкіндік беру қажеттігін айтты.

Жалпы, облыс орталығында несиеге арналған пәтерлердің 198-ін наурыз айының соңына дейін беру жоспарланған. Айта кетейік, үйлердің 1 шаршы метрі 180 мың теңгені құрайды. Ал, жыл соңына дейін шамамен 4000-ға жуық пәтерді беру қарастырылған.