Хабарландырулар

2021 жылдың 3 желтоқсан күні сағ:24:00 ден 5 желтоқсан сағ: 24:00-ге дейін http://72025turkistan.kz сайты арқылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша төмендегі үйлердің пәтерлерін кредиттік жүйемен сату бойынша өтініштер қабылданады. Пәтерлердің 1 шаршы метр құны 180 000 тг.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша «Түркістан қаласының ӘІО-да коммерциялық орын-жайлары бар 12 қабатты 6 тұрғын үйден тұратын тұрғын үй кешенін салу (сыртқы инженерлік желілерсіз). №2/А, №2/Б тұрғын үй» сату конкурсына өтініш берген тізімде көрсетілген азаматтар 07.12.2021-09.12.2021жж аралығында төмендегі құжаттарды Түркістан қаласы, Тауке хан көшесі №278Б ғимаратында Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне тапсыруларыңызды сұранамыз. Бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес, үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат; 2) өтініш берушінің жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама; 3) ипотекалық жылжымайтын мүлік үй қарыздарының жоқтығын дәлелдейтін кредиттік бюронің кредиттік есебі; 4) жұмыс орнынан соңғы 6 айлық көрсеткіш. 5) Бастапқы 20 пайыз жарнасының төленгендігі жөніндегі түбіртектің көшірмесі. (код 301103)